«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
Елбасының «Руханти жаңғыру:Болашаққа бағдар» атты бағдарламасы бойынша аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде мектепішілік жоспар жасалып, бекітілді. Жоспарға сай 1 қыркүйек Білім күнінде барлық сыныптарда «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты видеороликтер көрсетілді. Үштілділікті дамыту мақсатында «Тіл дарын 2017»атты мектепішілік олимпиадада оқушылар арасында үштілде көркемсөз оқу, үздік шығармалар сайысы өтті. «Латын әліпбиі –әлемдік ғылым мүмкіндігі» атты ата-аналар арасында баяндама оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашақ бүгіннен басталады» , «Туған мектеп» акциясы ұйымдастырылып, ауыл азаматтары мен мектеп бітіріп кеткен түлектердің кездесу кешінде түлектердің естелік әңгімелері тыңдалып, сол кездері жастар арасында танымал болған әндер шырқалды. Мектеп түлектерінің демеушілігімен «Парыз» қорына 170 000 теңге ақша жиналып,аударылды.