"Алтын жүректі ана
12-ақпан күні «Өзін-өзі тану пәнінің негізін қалаушы Сара Алпысқызының туған күніне орай бірінші сабақ өзін-өзі тану пәні сабақтары болып жарияланып «Қайыңды орта мектеп-бақша» КММ «Мейірім төгетін ана» атты барлық сыныптарда өзін-өзі тану сабағы өтті. Мұнда Карибжанова А.Қ. өткізген ашық сабақта 1 сынып оқушылары бір-біріне тілектер арнап, тыныштық сәтінде күннің қандай тамаша екендігі туралы релаксацияны тыңдады. Мұғалім жүрекшелерді таратып, оған әр оқушы Сара Алпысқызына деген өз тілек, армандарын жазды. 7-11 кластарда «Махаббат, жақсылық, қуаныш сабағы» деп аталатын видеосабақ өтті «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Садықова Құралай Ермұханбетқызы өткізген сабақ тәрбиелік маңызы зор, эстетикалық, адамгершілік, отбасылық тәрбиені дамыту барысында жүзеге асты. Өзін-өзі тану пәні енгізілгеннен бергі балаларының мінезіндегі жақсы өзгерістерге тоқталып, бұл пәннің маңызы өте зор деп бағалады. Мұнда өзін-өзі тану пәнінің авторы Сара Алпысқызының өмір жолы, шығармашылығы жайлы слайд көрсетілді.
Бастауыш сыныптар арасында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Қамзанова Ғалия Қызылбалақызы өткізген «Шаттыққа толы жүрекпен» атты сыныптан тыс мерекелік шара «Өзін-өзі тану» пәнінің авторы Сара Алпысқызы туралы слайд-шоу көрсетіліп, соңынан оқушылардың шағын концерттік бағдарламасы тамашаланды. Тәрбиелік шара соңында оқушылар, ұстаздар, ата-аналар өздеріне рухани азық алатындай, мағыналы маңызды шаралар өткендігін өз лебіздерінде білдіріп өтті.