Абай облысы Үржар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайыңды орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білі » Коммуналное Государственное учреждение "Кайындинская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Қайынды орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239) 4-88-93
Есепші бөлімі:
+7(72239) 4-88-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай облысы Үржар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайыңды орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білі
15
август
2022

Абай облысы Үржар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайыңды орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білі

Абай облысы Үржар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайыңды  орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» негізінде бос орындарға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

      1.Математика пәні мұғаліміне (16 сағат тұрақты), ағылшын тілі мұғалімі (8 сағат тұрақты), тарих пәні мұғалімі (8 сағат тұрақты), биология пәні мұғалімі ( 10 сағат тұрақты) , химия пәні мұғалімі (9 сағат) .

Пән мұғалімдеріне қойылатын біліктілік талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орынынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі  немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог маманға жұмыс өтілі педагог-шебер үшін 5 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

  • Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және әлеуметтенуіне ықпал етеді, жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
  • Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін әдістері мен құралдарын қолданады. 
  • Қысқа мерзімді жоспарларды, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын дайындап, мерзімінде іске асырып отырады.
  • «Kundelik.kz» электронды журналын уақытында толтырып, тиісті баллдарын қойып отырады.
  • Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады және оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
  • Педагогикалық кеңестердің, ДЖК, әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын, бейімділіктерін зерттейді.
  • Кәсіби құзыреттілігін, ақпараттық –коммуникациялық құзыреттіліктерін ұдайы арттырып отырады. 
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері мен өртке қарсы қорғау ережелерінің нормаларын орындайды. 
  • Білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
  • Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен үнемі ынтымақтастықта болады.
  • Білім беру процесі кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
  • Уәкілетті орган бекіткен құжаттарды мерзімінде толтырады.
  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арасында адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады.

Лауазымдық жалақысы:

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 190 000 – 224 000 теңгеге дейін.


Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орыны:

Хабарландыруды жариялаған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс:

Абай облысы Үржар ауданы Қайыңды ауылы Бейбітшілік көшесі № 46 үй. 

Анықтама байланыс телефоны: 8 702 140 96 29.

Конкурсқа қатысушы үміткер конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттарды ұсынады:

  1. осы қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. қадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. педагогтардың үлгілік біліктілік сипатталарымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі ҰБТ) немесе педагог-модеравтордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10.  11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар бар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 3), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орынынан персоналды басқару қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

 Аталған құжаттардың бірінің болмауы үміткердің конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартады..