« Абай облысы Үржар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайыңды орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекетт
« Абай облысы Үржар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайыңды орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» негізінде 1 бірлік педагог-психолог лауазымының бос орынына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Педагог-психолог лауазымына қойылатын біліктілік талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орынынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог маманға жұмыс өтілі педагог-шебер үшін 5 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
- Тұлғаның психикалық денсаулығына қамқорлық жасайды, ол үшін дамытушылық, психикалық ыңғайлы орта құрады; салауатты өмір салтын қалыптастырады;
- Психикалық даму барысын бақылау мақсатында жиі жаппай зерттеулер жүргізеді, психологиялық көмекті қажет ететін адамдарды анықтайды, олардың есебін алады және бақылайды;
- Өз қызметін төрт негізгі бағытта: психодиагностика, психологиялық кеңес беру, психопрофилактика, психологиялык коррекция түрінде жүзеге асырады;
- Қажетті психологиялық-педагогикалық өлшемдерді, нәтижелерді өңдейді, психологиялық қорытындылар мен ұсынымдарды дайындайды;
- Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында ағарту және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді; кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беруші зерттеулерді жоспарлайды және ұйымдастырады; психопрофилактикалық жұмысты қамтамасыз етеді; психологиялық қауіп зонасында орналасқан оқушыларды айқындайды осы категориядағы балаларға профилактика және коррекция жасайды;
- Жанұяда балаларды нәтижелі отбасылық тәрбиелеу үшін микроклимат қалыптастыруға, жанұя ішіндегі дау-жанжалдарды шешуге көмек көрсетеді, отбасындағы ата-аналар құзырлылығының диагностикасын және дамуын жүзеге асырады;
- Балалардың икемділігін дамыту, тұлғаның психологиялық мәдениетін қалыптастыру, қайырымды адами қарым-қатынасты қалыптастыру және оқыту, тұлғааралық және іскерлік дау-жанжалдарды шешу, экстремальды жағдайларда көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады;
Психодиагностикалық жұмыстарды жүргізеді және сынып жетекшілердің қатысуымен балаларды ұйымдастырады;
- Тапсырыстардың түсуіне қарай (соның ішінде жоғарғы сыныптарда кәсіби бағыт-бағдар беруші жұмыстар шеңберіндегі диагностика; педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты дамыту шеңберіндегі диагностикасы) психодиагностикалық жұмыстар жүргізеді;
- Ғылыми және практикалық психологияның жетістіктері туралы, оқу үрдісіне қатысушыларға психологиялық зерттеулер, диагностиканың жаңа әдістемелері туралы мәліметтер банкін жасайды;
- Оқушылардың біртұтас білім үрдісінде өзін-өзі бағалауға, оқуға тұлғалық, интеллектуалдық, әлеуметтік-психологиялық дайындық деңгейлерін зерттейді; шығармашыл, дарынды балаларды психологиялық қолдайды, олардың дамуына жағдай жасайды;
- Оқушыларды жеке, тұлғалық-ізгілікті тұлғалық-бағытталған және дамытушы жақындау жолымен қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізеді; - -- тұлғаның және интеллектінің бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды,осыған ұқсас жағдайлардың алдын алады;
Оқытудың барлық сатыларында оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін және жеке тұлғалығын қалыптастыруға және бекітуге ықпал жасайды; қазіргі қоғам өміріне бейімделген дамушы тұлғаның қалыптасуына көмектеседі; оқушылардың кәсіби бағытталуына және интеллектінің, тұлғаның толыққанды дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі;
- құзырлылық және біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады;
- Ішкі еңбек тәртібі ережесін, мектеп Жарғысы талаптарын сактайды.
- Әртүрлі есепте (ІІБ-де, қауіпті топтағы, мектепішілік есепте, дәстүрлі емес
дінде есепте тұратын және жайсыз отбасының )тұратын балалармен жұмыс жүргізеді.
- Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге психологиялық дайындығын жүргізеді.
Лауазымдық жалақысы:
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 190 000 – 224 000 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орыны:
Хабарландыруды жариялаған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс:
Абай облысы Үржар ауданы Қайыңды ауылы Бейбітшілік көшесі № 46 үй.
Анықтама байланыс телефоны: 8 702 140 96 29.
Конкурсқа қатысушы үміткер конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттарды ұсынады:
- осы қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
- қадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- педагогтардың үлгілік біліктілік сипатталарымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі ҰБТ) немесе педагог-модеравтордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар бар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 3), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орынынан персоналды басқару қызметі неммесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартады.