хаттама » Коммуналное Государственное учреждение "Кайындинская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Қайынды орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239) 4-88-93
Есепші бөлімі:
+7(72239) 4-88-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
август
2022

хаттама

Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы білім бөлімінің
«Қайыңды орта мектеп-башасы» КММ бойынша
конкурстық комиссия отырысының №1 хаттамасы

27.08.2022ж Қайыңды ауылы

Комииссия құрамы: 5
Конкурстық комиссия төрайымы: Оленбаева А.И. мектеп директоры
Комиссия мүшелері:
1.Қамзанова Ғ.Қ. оқу ісінің меңгерушісі
2.Мухаметжанов М.Т. кәсіподақ ұйымының төрағасы
3.Қамзанов А.Қ. АӘТД мұғалімі, бірлестік жетекшісі
4.Осербаев Е.С. білім бөлімінің әдіскері (өз келісімі бойынша)
хатшы: Мұздыбаева А.Қ.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы білім бөлімінің «Қайыңды орта мектеп-башасы» КММ-нің бос лауазымға жарияланған конкурстың қорытындысын қарау.

1. Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы білім бөлімінің «Қайыңды орта мектеп-бақшасы» КММ-нің химия, биология пәні мұғалімінің бос лауазымына жарияланған конкурсқа бір ғана үміткер Шәкәрім атындағы Семей университетінің 2022 жылғы түлегі Жанымханова Ақнұр Берікқызы қатысып, конкурстық құжаттары қаралды. Конкурс нәтижесі бойынша Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша нысаны бағалау парағына сәйкес 10,5 балл жинады. Басқа қатысқан үміткерлер болған жоқ.
2.Басқа бос лауазымдарға қатысқан үміткерлер болған жоқ:
математика пәні мұғалімінің бос лауазымына 16 сағат;
ағылшын тілі мұғаліміне 12 сағат;
тарих пәні мұғаліміне 8 сағат;

Комиссия мүшелері шешім қабылдады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес конкурсқа қажетті барлық құжаттарды ұсынған педагогтер қатыса алатындығын басшылыққа ала отырып және барлық ұсынылған құжаттардың негізінде және бағалау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия Шәкәрім атындағы Семей университетінің 2022 жылғы түлегі Жанымханова Ақнұр Берікқызын конкурс жеңімпазы деп таныды.

ШЕШІМ:
1.1Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы білім бөлімінің «Қайыңды орта мектеп-бақшасы» КММ-нің конкурс нәтижесі бойынша 10,5 балл жинаған және құжаттары толық болған конкурс жеңімпазы химия, биология пәні мұғалімі Жанымханова Ақнұр Берікқызы конкурс жеңімпазы деп танылып, мектеп директорына тағайындауға ұсынылсын.
1.2Басқа бос лауазымдарға математика пәні мұғаліміне 32 сағатқа, ағылшын тілі мұғаліміне 12 сағатқа, тарих пәні мұғаліміне 8 сағатқа қатысқан үміткерлер болмауы себебінен конкурс өтен жоқ деп жариялансын.

Дауыс бергендер: қолдағандар- 5
қарсы-0

Комиссия төрайымы: Оленбаева А.И.
Комиссия мүшелері:
1. Қамзанова Ғ.Қ.
2. Мухаметжанов М.Т.
3. Қамзанов А.Қ.
4. Ахметова А.Т.
Хатшы: Мұздыбаева А.Қ.