"Мың бала" Республикалық мәдени-ағартушылық жобасы
«Қайыңды орта мектеп бақшасы» КММ бойынша «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру аясында жоспар жасалып бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының мақсаты түрлі этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларын, жастарын мемлекеттік тілді оқыту процесінде қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына (мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына) баулу арқылы азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
«Мың бала» жобасы ел бірлігін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтатын шара. Тілегі бір, жүрегі бір әрбір қазақстандық тұтастай мемлекетіміздің мызғымас тірегіне айналып отыр. «Мың бала» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп, ол ағымдағы жылдың ақпан айында басталып, республиканың барлық өңірлерін қамтыған болатын.
Оқушылардың арасында тілге деген қызығушылықтарын арттыру, көркем сөйлеу мақсатында көркем оқудан сайыстар өткізілді. Абай атамыздың қара сөздерінен көркем оқу , «Табиғат лирикасы» өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысына 10 оқушы 5-8-сыныптар арсынан , М.Мақатаевтың « Туған жер төсіңді аш мен келемін» тақырыбында көркем оқу сайыссына 5-10-сыныптар арасында ұйымдастырылып,сайысқа 12 оқушы қатысты. «Абай оқулар» сайысынан 9-сынып оқушысы Тоқтаубай Аяулым бас жүлдені жеңіп, алды. М.Мақатаев өлеңдерінен 6-сынып оқушысы Базарғазы Балауса жеңімпаз атанды.