Дарынды оқушылармен жұмыс » Коммуналное Государственное учреждение "Кайындинская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Қайынды орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239) 4-88-93
Есепші бөлімі:
+7(72239) 4-88-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2021

Дарынды оқушылармен жұмыс

«Қайыңды орта мектеп-бақшасы» КММ бойынша 24 мұғалім  қызмет атқарады.1-11-сыгныпта 82 оқушы білім алады. Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары жасалып, жұмыстар атқарылып отырылады. 

Оқушылар  пәндік , спорттық түрдегі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Облыстық «Айналайын» 9 оқушы ,«Асыл тас» олимпиадасында 10 оқушы жүлделі 1,2,3 орындарды иеленді, «Маллахит» олимпиадасына 18 оқушы қатысып,18 де жүлделі 1,2,3 орындарды «Тұлпар» олимпиадасына 13 оқушы қатысып, оларда жүлделі орындар алды. Мектепішілік пәндік олимпиадаға 9-11-сыныптан 12 оқушы қатысып, олардың 6 аймақтық кезеңге қатысты. Аймақтық кезеңнен 3 оқушы Махметқанова Айым физика пәнінен , Анкежанова Ақбота қазақ тілі пәнінен, Тоқтаубай Аяулым химия пәніне қатысып, Анкежанова Ақбота аудандықтан 3 орынды иеленді. 

«Айқанат» олимпиадасына 8-сыныптан 4 оқушы (Оспан Толғанай, Оспан Құралай Әділбекова Бірғаным) қатысып, І турдан өтіп, ІІ кезеңіне  , ал 9-сыныптан 4 оқушы қатысып, ІІ кезеңіне 2 оқушы(Анкежанова Ақбота, Сапарқанова Қарақат) өтті. 

«Мың бала» олимпиадасына 5-6 сыныптардан 18 оқушы қатысып, ІІ кезеңіне екі оқушы өтті. Бірақ карантин жағдайына байланысты ата-аналары балаларын ІІ кезеңге Семей , Аягөз қалаларына апарудан бас тартты.

Оқушылар онлайн М.Мақатаевтың , Әсет Найманбаевтың өлеңдерінен сайыстарға қатысып, өз бақтарын сынап көруде.Сонымен қатар оқушылар онлайн болып жатқан облыстық , республикалық қашықтық олимпиада,конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алып отыр.