2022-2023 оқу жылындағы қыркүйек айындағы ҰБТ-ге дайындық бойынша ақпарат » Коммуналное Государственное учреждение "Кайындинская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Қайынды орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239) 4-88-93
Есепші бөлімі:
+7(72239) 4-88-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы қыркүйек айындағы ҰБТ-ге дайындық бойынша ақпарат
23
сентябрь
2022

2022-2023 оқу жылындағы қыркүйек айындағы ҰБТ-ге дайындық бойынша ақпарат

Мақсаты:
1. Тестілеу жүйесіне енгізілген негізгі пәндер мен таңдау пәні бойынша білім деңгейін бақылау;
2. Орта мектеп курсы бойынша теориялық материалдың жан-жақты меңгерілуі және практикада қолдана білу біліктері мен дағдысын есепке алу.
Биылғы оқу жылында 11-сыныпты барлығы 8 оқушы бітіргелі отыр. (ҰБТ –ға баратын оқушылар-8, барлығы ата –аналарының өтініші бойынша ҰБТ тапсырады. 11-сынып жетекшісі Ахметова А.Т)
2оқушы ЖОО шығармашылық емтихан тапсырады. Сол себептен ҰБТ-де олар екі міндетті емтихан тапсырады: Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы.
11-сыныптың таңдау пәні бойынша
МатематикаБиология ГеографияБиологияШығармашылық
ГеографияХимияДүниежүзі тарихыГоеграфия
13112
Оқушыларға қосымша сабақ кестесі бекітілді. Пән мұғалімдері қосымша сабақ өткізуде. Сынып жетекшіге қадағалап отыруы туралы ескертілді. Қатемен жұмыс жасау жақсы нәтиженің кепілі. Қосымша сабақ Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Күтілетін нәтиже ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету.
Ұсыныстар:
1.ҰБТ –ге дайындық жұмыстары жандандырылсын.
2.Педагог-психолог Г.К.Камзанова. 11- сынып оқушылары арасында қобалжушылық және эмоциялық қауіпті анықтау бойынша диагностика жүргізсін. Оқу жылы ішінде мектеп бітіруші сынып оқушыларымен топтық тренингтер және жеке-түзету сабақтарын жүргізсін.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Джуратбаева